- Басты бет
- Жаңалықтар
- №96 жалпы білім беретін және №34 мектеп-гимназиясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дінтану және мәдениеттану кафедрасы таныстырылды
№96 жалпы білім беретін және №34 мектеп-гимназиясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дінтану және мәдениеттану кафедрасы таныстырылды

2025 жылғы 17 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетіне қарасты Дінтану және мәдениеттану кафедрасының магистранты Алматы қаласындағы №96 жалпы білім беретін және №34 мектеп-гимназиясында кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.
Іс-шараның мақсаты - мектеп бітіруші оқушыларға ҚазҰУ туралы кеңірек мағлұмат беру,соның ішінде Дінтану,исламтану және мәдениеттану мамандықтарының мазмұны,ерекшеліктері мен болашағын таныстыру болды.Кездесу барысында университеттің тарихы,халықаралық жетістіктері,оқу үдерісі,студенттерге жасалған жағдайлар,жатақхана және оқу ғимараттары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.Сонымен қатар,әр мамандықтың мазмұны,білім беру бағыттары мен бітірушілердің қай салаларда қызмет ете алатыны нақты мысалдармен түсіндірілді.Оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық танытылып,түрлі сұрақтар қойылды.Кездесу ашық әрі достық атмосферада өтті.Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер тарапынан жылы қабылдау көрсетіліп,алдағы уақытта тығыз байланыс орнатуға ниет білдірілді.Бұл кездесу Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен орта білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызды бір бөлігі ретінде өткізілді.
Басқа жаңалықтар

