"ТАРИХИ КОМПЬЮТИНГ" СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ КЛУБЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҮЗДІК БАЯНДАМАЛАРЫ

2025 жылғы 11-12 сәуірде "Қазіргі қоғамдағы құжат: басқарудың бюрократиялық жүйелерін қалыптастырудағы орны мен рөлі"атты халықаралық қатысуымен XVIII Бүкілресейлік студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. Оның ұйымдастырушылары Орал федералды университетінің құжаттану, архивтану және мемлекеттік басқару тарихы кафедрасы және Ресей мемлекеттік кәсіптік-педагогикалық университетінің құжаттану, құқық, тарих және орыс тілі кафедрасы болды. Үздік баяндамалар үшін дипломдарды "цифрлық мұрағаттану және құжаттану" мамандығының түлектері КӨБЕГЕН Айжан мен ӘЛИАСКАРОВА Еркеайім алды. Олар кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін, кең ой-өрісін және өзін-өзі таныстыру дағдыларын жақсы меңгергенін көрсетті.
Жәкішева С.Ә. - тарих ғылымдарының докторы, «Тарихи компьютинг» СҒК ғылыми жетекшісі
Басқа жаңалықтар

