- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТМД17. «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕН БІЛІМ БЕРУ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ
ТМД17. «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕН БІЛІМ БЕРУ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕН БІЛІМ БЕРУ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ
2025 жылғы 14–17 сәуір аралығында Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект және қолданбалы зерттеулер: денсаулық сақтау мен білім беру салаларындағы жаңа мүмкіндіктер» атты семинар-тренинг сәтті өтті.
Іс-шара аясында жасанды интеллекттің заманауи технологиялары мен олардың практикалық қолданыстары талқыланды. Семинар спикерлері ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға оқытушылары мен зерттеушілері өздерінің ғылыми жобаларымен бөлісті.
🔹 Оспан Әсел Ғалымжанқызы
"Қазақ тілді үлкен тілдік үлгілер (LLM) негізінде журналистика саласына арналған цифрлық көмекші құру" тақырыбында баяндама жасап, қазақ тіліндегі жасанды интеллекттің медиа саласындағы әлеуеті туралы ой бөлісті.
🔹 Базарбек Жания Пархатқызы
"Білім беруге арналған контент құру үшін жасанды интеллект жүйелерін қолданатын сандық құралдар" тақырыбында семинар өткізіп, білім беру процесін оңтайландыруға бағытталған цифрлық шешімдерді таныстырды.
🔹 Еркін Жадыра
Жоба орындаушысы ретінде "Жасанды интеллект алгоритмдерін қолдана отырып ерте қартаю белгілерін анықтау және жіктеу" мен "Ерте диагностика және жекелендірілген тәсіл үшін денсаулық сақтауда жасанды интеллектті қолдану" тақырыптарында баяндама жасады. Оның зерттеулері медицина мен биоинформатикада AI технологияларын қолданудың маңыздылығын көрсетті.
Семинар қатысушылары жасанды интеллекттің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған тың идеялармен және шабытпен оралды.
📍Ұйымдастырушы: Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
🤝 Серіктестер: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы
Басқа жаңалықтар


