- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТМД17. Цифрлық дәуірде тіл мен технология тоғысы: ҚазҰУ профессоры республикалық конференцияда баяндама жасады
ТМД17. Цифрлық дәуірде тіл мен технология тоғысы: ҚазҰУ профессоры республикалық конференцияда баяндама жасады

2025 жылғы 10 сәуірде Алматы технологиялық университетінде өткен «ылым. Білім. Жастар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі, профессор Мансурова Мадина Есимхановна пленарлық отырыста баяндама жасап, Алғыс хатпен марапатталды.
Мадина Есимхановна баяндамасында қазақ тілінде оқытуды қолдау мақсатында RAG тәсілін қолдана отырып, үлкен тілдік модельдерді (LLM) оқытуға арналған нұсқаулар әзірлеу жолдарын ұсынып, жасанды интеллект пен ана тіліміздің арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеретін ғылыми тұжырымдармен бөлісті. Бұл – ұлттық тілдің цифрлық дәуірдегі мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды ғылыми ізденіс.
Конференция аясында тағам өндірісіндегі қазіргі заманғы трендтерден бастап, нанобөлшектер арқылы материалдарды бекіту, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі мен дизайны, өндірістегі технологиялық үдерістерді цифрлық басқару, экология және экономикалық даму мәселелеріне дейінгі кең ауқымды тақырыптар талқыланды. Жас ғалымдар ғылымның түрлі саласында өзекті ойларымен, заманауи шешімдерімен ерекшеленіп, еліміздің интеллектуалдық әлеуетінің артып келе жатқанын дәлелдеді.
📌 Бұл конференция – ғылым мен білім жолында аянбай еңбек етіп жүрген ғалымдардың, жас зерттеушілердің тәжірибе алмасып, тың идеялармен шабыттанатын маңызды алаңы болды.
Басқа жаңалықтар

