ТМД17. ҚазҰУ профессоры беделді IT байқауының қазылар алқасындаFarabi University

51

ТМД17. ҚазҰУ профессоры беделді IT байқауының қазылар алқасында

10 сәуір, 2025

📌Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде өткен «IT – ғылыми жобалар» республикалық байқауында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі, профессор Мансурова Мадина Есимхановна әділ қазылар алқасының құрамында болып, байқаудың әділ әрі сапалы өтуіне өз үлесін қосты.

Байқау аясында еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері IT саласындағы ғылыми жобаларын таныстырып, креативті идеяларымен бөлісті. Профессор Мадина Есимхановна қатысушылардың жұмыстарын кәсіби тұрғыда бағалап, білім мен тәжірибеге негізделген сараптамасын ұсынды.

Осы еңбегі үшін Нұр-Мүбарак университеті тарапынан Алғыс хатпен марапатталып, студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлесі ерекше атап өтілді.

🔹 Мұндай ғылыми іс-шаралар — білім мен тәжірибені тоғыстыратын, жастардың шығармашылығы мен ғылыми қызығушылығын оятатын маңызды алаң. Сонымен қатар, бұл байқау — академиялық қауымдастықтың бірлесіп жұмыс істеуінің, тәжірибе алмасуының және IT саласындағы заманауи трендтерді түсініп, дамытуға деген ортақ ұмтылыстың көрінісі.