
Дінтанушы студенттер “Раечка” қойылымын тамашалап, рухани әсер алды
2025 жылдың 18 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің дінтану мамандығының студенттері “Раяға жазған хаттардан” шығармасының желісі бойынша сахналанған “Раечка” қойылымына барып қайтты.
Қойылым жастарға тек көркем өнермен эстетикалық әсер сыйлап қана қоймай, терең әлеуметтік және адамгершілік мәні бар тақырыптар жөнінде ойлануға түрткі болды. Адам жанының нәзіктігі, жалғыздық, үміт пен өмір мәні секілді тақырыптар шынайы актерлік шеберлік арқылы көрерменге әсерлі жеткізілді.
Шараның басты мақсаты – дінтанушы студенттердің рухани-мәдени көкжиегін кеңейту, көркем өнер арқылы адам болмысы туралы тереңірек ойлануға мүмкіндік беру болды. Мұндай шығармашылық кездесулер болашақ мамандардың ішкі дүниесін байытып, кәсіби және тұлғалық қалыптасуына оң ықпал етеді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары – 1 курс магистранты Дәуренбек Н. және педагогикалық практика жетекшісі, философия ғылымдарының кандидаты Қаңтарбаева Ж.О.
ҚазҰУ қабырғасында өтіп жатқан мұндай тәрбиелік мәні зор бастамалар – жастарды руханият пен мәдениет әлеміне жетелейтін маңызды қадам екені сөзсіз.
Басқа жаңалықтар

