«Уайым – мамандыққа жүрекпен қарау, саналы таңдау»Farabi University

51

«Уайым – мамандыққа жүрекпен қарау, саналы таңдау»

18 сәуір, 2025

2025 жылдың 18 сәуір күні Қазақстан Республикасы ылым және Жоғары білім министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультетінде Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен Дінтану мамандығының 3-курс студенттеріне арналған ерекше мотивациялық семинар өтті.

Аталған семинар «Тұрақты даму мақсаттары» аясында өткізілді және болашақ мамандардың ішкі жан дүниесін түсініп, кәсіби жолда саналы әрі жауапкершілікпен қадам жасауына бағытталған.

Семинардың спикері – ұстаз, тренер әрі кәсіпкер Баймұрат Анарбекұлы болды. Ол студенттермен шынайы, ашық форматта әңгіме өрбітіп, өмірлік тәжірибесі мен жинақтаған білімін бөлісті. Оның сөздері студенттерге үлкен мотивация беріп, мамандыққа тек міндет ретінде емес, жүрекпен қараудың маңызын ұғындырды.

Семинар барысында төмендегідей маңызды тақырыптар қамтылды:

  • Өзің үшін уайымдаудың маңызы – адамның өзін, ішкі жан дүниесін тану, жауапкершілік пен саналы әрекеттің бастауы ретінде;
  • Білім алу және алған білімді қолдану – теориялық білімнің практикалық өмірде маңыздылығы, үздіксіз даму қажеттілігі;
  • Технологияларды меңгеру – заманауи цифрлық сауаттылық пен инновациялық құралдарды кәсіби салада пайдалану жолдары;
  • Ұжыммен қарым-қатынас – кәсіби ортадағы этика, әріптестік, бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығы;
  • Пәнаралық байланыс – әртүрлі салалармен өзара байланысты түсіну арқылы кешенді ойлау қабілетін дамыту;
  • Уақытты тиімді басқару – тайм-менеджмент негіздері, басымдықтарды дұрыс қою;
  • Денсаулық пен отбасы – жеке өмір мен кәсіби дамуды тең ұстау қажеттілігі;
  • Өз-өзіңді тану және дамыту – үздіксіз жетілу, ішкі мотивация мен тұлғалық өсу жолдары.

Семинар барысында студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, ашық диалогқа түсу мүмкіндігіне ие болды. Баймұрат Анарбекұлының әсерлі әңгімесі мен өмірлік тәжірибелері жастарға үлкен шабыт сыйлап, кәсіби таңдауларына жаңаша көзқараспен қарауға ықпал етті.

Іс-шараның нәтижесінде студенттер өз болашақтарына жауапкершілікпен қарап, жүрекпен қабылдаған мамандықтың ғана шынайы табыс пен бақыт әкелетінін терең түсінді.

Іс-шараның ұйымдастырушылары:     
Қаңтарбаева Ж.О. – философия ғылымдарының кандидаты
Бегалинова К.К. – профессор, философия ғылымдарының докторы
Р.А. Жамал – Исламтану мамандығының 1 курс магистранты

Осындай мазмұнды кездесулер студенттердің тұлғалық қалыптасуына, рухани дамуына және болашаққа сенімді қадам жасауына зор септігін тигізері сөзсіз.