Батыр Әлия Молдағұлованың ерлігі – мәңгілік мұраFarabi University

51

Батыр Әлия Молдағұлованың ерлігі – мәңгілік мұра

27 ақпан, 2025

2025 жылдың 27 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың ерлігіне арналған «Ұлы соғыстың 80 жылдығы және Батыр Әлия Молдағұлованың ерлігі» атты іс-шара өткізілді. Бұл тағылымды іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының бірқатар маңызды бағыттарымен үйлесімде ұйымдастырылды. Атап айтқанда, тұрақты даму мақсаттарының 16–«Тыныштық, әділеттілік және тиімді институттар» мақсаты аясында тәрбие сағаты жастарды әділетті, бейбіт және инклюзивті қоғам құруға тәрбиелеуге, олардың тарихи санасы мен азаматтық жауапкершілігін дамытуға бағытталды. Сонымен қатар, тұрақты даму мақсаттарының  «4 – Сапалы білім» шеңберінде студенттер тарихи тұлғалардың өмірі мен ерліктері арқылы рухани және азаматтық біліммен сусындап, ұлттық құндылықтарды тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Ал тұрақты даму мақсаттарының «5 – Гендерлік теңдік» мақсатына сәйкес, Әлия Молдағұлованың қайсар бейнесі арқылы қазақ қыздарының қоғамдағы батырлық рөлі мен әйелдердің тең құқықты мүмкіндіктері кеңінен көрсетілді.

Іс-шараға 1-курс дінтану мамандығының студенттері қатысып, Екінші дүниежүзілік соғыстың мен батыр қыз Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы тың деректермен танысты. Шара барысында Әлияның өмір жолы, майдандағы ерлігі, қайсарлығы мен отаншылдығы туралы мазмұнды баяндамалар тыңдалып, көркем бейнематериалдар ұсынылды. Іс-шараның басты идеясы – ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, тарихи жадты жаңғырту және әділетті қоғам құруға үлес қосатын жас азаматтарды қалыптастыру.

Мұндай іс-шаралар жастарды тарихи мұраны қастерлеуге, ұлт батырларының өнегесін үлгі етуге және тұрақты қоғам қалыптастыруға тәрбиелеудің маңызды бөлігі болып табылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруда білім, тәрбие және әлеуметтік жауапкершілік бағыттарын үйлестіре отырып, болашақ көшбасшыларды даярлауға өз үлесін қоса бермек.

            Іс-шараны әл‑Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің, дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, филос.ғ.д. Борбасова Қ.М., аға оқытушы, PhD Утебаева Д.С., аға оқытушы, PhD Әлтаева Н.С., және «Дінтану» мамандығының 1‑курс магистранты Аманжолова А.Н. ұйымдастырды.

Борбасова Қ.М.

Утебаева Д.С.

Әлтаева Н.С.

Аманжолова А.Н.