Ашық дәріс пен семинар: «Исламдағы эстетикалық құндылықтар»Farabi University

51

Ашық дәріс пен семинар: «Исламдағы эстетикалық құндылықтар»

10 сәуір, 2025

 

2025 жылдың 10 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Философия және саясаттану» факультетінде «Діни эстетика» пәні аясында ашық дәріс пен семинар өтті. Іс-шараның тақырыбы – «Исламдағы эстетикалық құндылықтар».

Аталған іс-шара педагогикалық практиканың аясында ұйымдастырылды және оған дінтану мамандығының 2-курс студенттері белсене қатысты. Ашық дәрісте ислам өнері, сәулет, каллиграфия, музыка және исламдағы рухани-эстетикалық ұғымдар терең талқыланды. Қатысушылар ислам эстетикасының руханият, жарық, сұлу ұғымдарына қатысты тұжырымдары мен олардың тарихи-мәдени көріністері туралы мазмұнды пікір алмасып, ой бөлісті.

Дәріс барысында исламдағы сұлулық ұғымының Құран мен хадистердегі көріністері, сопылық поэзия мен музыкадағы эстетикалық символдар, сондай-ақ ислам сәулет өнеріндегі симметрия мен геометрия сияқты элементтердің мәні кеңінен ашылды. Іс-шара студенттер мен оқытушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, ғылыми-танымдық тұрғыдан жоғары деңгейде өтті.

 Іс-шараны әл‑Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD Утебаева Д.С., аға оқытушысы, PhD Әлтаева Н.С., және «Дінтану» мамандығының 1‑курс магистранты Аманжолова А.Н. ұйымдастырды.