Тұрақты даму мақсаттарының «Сапалы білім беру» тармағы аясында «Жоғары мектеп педагогикасы» курсында шығыстану факультетінің магистранты аударған кітапқа талдау жасалдыFarabi University

51

Тұрақты даму мақсаттарының «Сапалы білім беру» тармағы аясында «Жоғары мектеп педагогикасы» курсында шығыстану факультетінің магистранты аударған кітапқа талдау жасалды

16 сәуір, 2025
2025 жылғы 15 сәуірде ҚазҰУ-дың Шығыстану, Халықаралық қатынастар, Философия және саясаттану факультеттерінің магистратура бағдарламасы бойынша білім алушылар «Жоғары мектеп педагогикасы» курсын оқып игеру барысында (дәріскер – Э.Т.Баярыстанова, п.ғ.к.) ирандық жазушы Мехди Миразимидің «Бір беттік кітап» туындысы бойынша шығармашылық тапсырмалар орындады. 

Бұл кітап елу шағын әңгімеден тұрады. Шығыстану факультетінің 1 курс магистранты Гаухар Омарханова бұл еңбекті парсы тілінен қазақ тіліне аударған. Дәрісте Гаухар Омарханова әңгімелердің шығу тарихы мен тұлға тәрбиесіндегі маңызы туралы қысқаша ақпарат берді. Бұдан соң магистранттар  әңгімелердің мазмұнымен танысып,  оларға  тәрбие теориясы тұрғысынан талдау жасады.