ҚазҰУ студенттері тәрбие сағатында сыйлық алмасу арқылы достықты нығайтты

2025 жылғы 18 сәуір – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің 3 курс дінтану студенттері оқу үдерісін жандандырып, топішілік қарым-қатынасты нығайту мақсатында ерекше форматтағы тәрбие сағатын өткізді. «Жылулық сыйла» атауымен өткен бұл іс-шарада студенттер бір-біріне шағын, бірақ мағыналы сыйлықтар тарту етіп, рухани байланыс орнатуға мүмкіндік алды. Аталған тәрбие сағаты болашақ мамандардың этикалық-мәдени құндылықтарын дамытуға, ұжымдық бірлікті арттыруға бағытталған. Негізгі мақсат – студенттер арасында сенім мен сыйластық орнату арқылы рухани құндылықтарды дәріптеу.
Сыйлық – жүрек жылуының көрінісі:Тәрбие сағаты барысында әр студент өз тобының мүшелерінің бірін жасырын түрде таңдап, сол адамға арнайы сыйлық дайындады. Сыйлықтар креативті түрде безендіріліп, жылы тілектер жазылған хаттармен қоса табыс етілді. Бұл қадам эмоционалдық қолдау мен жан жылуын бөлісудің жарқын мысалына айналды.Тәрбие мен мәдениеттің үйлесімі:Сыйлық алмасу арқылы өткізілген бұл тәрбие сағаты адамгершілік, қамқорлық, бауырмалдық және құрмет сынды құндылықтарды студент санасына сіңірудің тиімді тәсілі ретінде танылды. Сонымен қатар, болашақ ұстаздар мен зерттеушілерге арналған мұндай тәжірибелік форматтар кәсіби ортада қажет болатын эмоционалдық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Ұйымдастырушылар:
- Филол.ғ.к., доцент Балтымова М.Р.
- PhD, аға оқытушы Мұқан Нұрзат
- Алпысбай Әсем, исламтану мамандығының 1-курс магистранты
Басқа жаңалықтар


