"Араб тілінің Құран мен хадисті түсінудегі маңыздылығы"

17 сәуір 2025 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінде исламтану мамандығының 2 курс студенттерінің қатысуымен ашық тәрбие сағаты өтті.
Спикер: Джуматаева Айгүл Нурлановна — ұстаз, араб тілі маманы.
Айгүл Нурлановна араб мемлекеттерінде өткізген 10 жылдық тәжірибесімен бөлісіп, шетелдік және отандық араб тілі мамандарын даярлаудағы ерекшеліктерге тоқталды. Сондай-ақ, Құран мен хадистерді түпнұсқа тілінде оқып-түсінудің маңыздылығын айта келе, араб тілін үйренудегі тиімді әдістермен таныстырды. Іс-шара барысында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы мағлұматтар алды.
Ұйымдастырушылар: Жүзей М.А. – философия докторы, Маликов С.Б. – исламтану мамандығының 1 курс магистранты.
Іс-шара студенттердің рухани дүниетанымын кеңейтіп, араб тіліне деген қызығушылығын арттырды.
Басқа жаңалықтар

