"Үздік студенттік оқу залы-2025"

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы жатақханада тұратын студенттерді әлеуметтік қолдау аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың №18 жатақханасында №6 оқу залын жаңғырту жұмыстарын жүргізді.
Енді зал жаңа жиһаздармен және студенттердің жайлы оқуы мен дамуы үшін заманауи жағдайлармен жабдықталған. ҚазҰУ-дың дамуына, рухани – зияткерлік ортаны құруға және студенттерді қолдауға қосқан елеулі үлесі үшін №6 оқу залы "Үздік студенттік оқу залы-2025" деп танылды!
Осы лайықты жетістікпен құттықтаймыз! Біз бірге дамуды жалғастырамыз!
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы
#ҚазҰУ # альФараби #әлеуметтік қолдау #Үздік оқу залы2025 #студенттерқазну #жатақхана18 #жастарды дамыту
Басқа жаңалықтар

