«Салауатты өмір сүру салты-бақыттың бастауы»Farabi University

51

«Салауатты өмір сүру салты-бақыттың бастауы»

16 сәуір, 2025

Қазақстан 2030 мемлекеттік даму бағдарламасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізгі бағыттарының бірі Азаматтардың денсаулығын, білімін және ырысын жақсарту. Оның мақсаты: салауатты өмір салтына ынталандыру, ана мен баланы қорғау, нашақорлық және есірткі саудасымен күресу, нашақорлық және есірткі саудасымен күресу, темекі мен ішімдік тұтынудың алдын алу,  қоршаған ортаның және экологияның тазалығын сақтау.

Осы бағыт аясында 2025 жылдың 16-шы сәуірінде эдвайзер У.К. Кожахметованың ұйымдастыруымен «Салауатты өмір сүру салты-бақыттың бастауы» атты іс-шара өтті. Оның мақсаты студенттердің бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету. Іс-шара барысында өмірдегі маңызды ұстаным салауатты өмір салтын сақтаудың ұлт денсаулығын жақсартудағы басты бағдар екендігі туралы пікірлер айтылып,  халқымызда «тәні саудың жаны сау» деген ұғымы жан жақты талқыланды.