Абдолла Сәкен ЖүсіпахметұлыFarabi University

51

Абдолла Сәкен Жүсіпахметұлы

1 сәуір, 2025

Туған күні: 1964 жылдың 24 сәуірі, Шымкент қаласы
Қызметі: 2020 жылдан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы

Білімі:
1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді.
2003 жылы «Қылмыстарды тергеудегі криминалистикалық сараптама: логикалық-тұжырымдамалық және ұйымдастырушылық мәселелер» атты диссертациялық жұмысын қорғап, заң ғылымдарының кандидаты атағын алды.

Кәсіби жұмыс тәжірибесі

  • 1986–1989 жж.: Арыс ауданаралық прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі

  • 1989–1990 жж.: Шымкент облысы прокуратурасының прокуроры, аға прокуроры

  • 1990–1992 жж.: Сайрам ауданы прокурорының аға көмекшісі

  • 1993 жылға дейін: Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары

  • 1993–1996 жж.: Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы

  • 1996–1999 жж.: Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет басқармасының бастығы

  • 1999–2002 жж.: Алматы қаласы Әділет басқармасының бастығы

Сондай-ақ, Сакен Жусипахметович 2002 - 2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы, Астана қаласы сотының төрағасы, Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы, Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметтерін атқарды.

Марапаттары:

  • «Құрмет» ордені

  • Әділет Министрлігінің құрмет грамотасы

  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының Алғыс хаты

 

Басқа жаңалықтар