Шәріпов Нұрсерік КәрімұлыFarabi University

51

Шәріпов Нұрсерік Кәрімұлы

1 сәуір, 2025

Туған күні: 1965 жылғы 13 қазан
Туған жері: Павлодар қаласы
Ұлты: қазақ

Білімі
1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.
2006 жылы сырттай М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Экономика» мамандығы бойынша білім алды.

Кәсіби қызмет жолы
Нұрсерік Кәрімұлы еңбек жолын 1988 жылдың қарашасында Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультеті комсомол комитетінің хатшысы ретінде бастады.

  • Тамыз 1990 – қыркүйек 1992: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік құқық кафедрасының ассистенті.
  • Қыркүйек 1992 – маусым 1995: Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Азаматтық және кешірім жасау бөліміне референт, кейіннен аға референт қызметіне тағайындалды.
  • Маусым 1995 – қараша 1996: Алматы қаласы Фрунзе аудандық халық сотының судьясы.
  • Қараша 1996 – ақпан 2007: Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы.
  • Ақпан 2007 – қараша 2008: Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.
  • Қараша 2008 – ақпан 2010: Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы.
  • Ақпан 2010 – наурыз 2012: Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы.
  • Наурыз 2012 – маусым 2017: Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы.
  • Маусым 2017 – 2018: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің директоры.
  • 2018 – 2021: Қарағанды облыстық сотының төрағасы.
  • 2021 жылғы желтоқсаннан бастап: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы.
  • 2022 жылғы 31 қаңтардан бастап: ҚР Жоғарғы Сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Марапаттары
2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

"Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы"

Басқа жаңалықтар