
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Мақсотов Жалғас Олжасұлы (ғылыми жетекшісі – профессор Аубакиров Е. А.) Қытай ғылым және технология университеті (University of Science and Technology of China – USTC) ұйымдастыратын GRIPS (Global Research Internship Program for Young Scientists) атты жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламасына қатысу үшін толық қаржыландырылатын стипендия иегері атанды. Бағдарлама 2025 жылғы 23 маусым мен 25 шілде аралығында өтеді.
Аталған бағдарлама – әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған болашағы зор жас ғалымдарға ғылыми зерттеулер жүргізуге, озық халықаралық зертханаларда тәжірибе алмасуға, кәсіби желі қалыптастыруға және ғылыми көзқарасын кеңейтуге бағытталған бірегей мүмкіндік.
Алдағы ғылыми жолында жаңа белестер, үлкен жетістіктер мен шабыт тілей отырып, жас талаптың табысты болашағына сеніміміз мол!
Физикалық химия кафедрасының доцент м.а
катализ және мұнай химиясы Қанапиева Ф.М.
Басқа жаңалықтар


