
2025 жылы 15 сәуірде Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша білім алатын студент Аяулым Аватова «Кітап — асыл қазына» атты республикалық олимпиадада жүлделі үшінші орынды иеленіп, 80 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатқа ие болды.
Бұл жетістік — Тұрақты даму мақсаттарының төртіншісі болып саналатын «Сапалы білім» бағытының нақты көрінісі. Аяулымның жеңісі ҚазҰУ университетінде берілетін сапалы білім мен студенттерге жасалатын мүмкіндіктердің айқын дәлелі болып табылады.
Олимпиада студенттерге тек білімдерін көрсетуге емес, сонымен қатар әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін танытуға мүмкіндік берді. Мұндай жетістіктер жастарды білім алуға ынталандырып, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді.
Шетел филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы А. С. Аушенова
Басқа жаңалықтар

