2024–2025 оқу жылының көктемгі семестрінің емтихан сессиясына дайындықFarabi University

51

2024–2025 оқу жылының көктемгі семестрінің емтихан сессиясына дайындық

12 сәуір, 2025

2025 жылдың 12 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында 2024–2025 оқу жылының көктемгі семестрінің емтихан сессиясына дайындық және өткізу мерзімдері туралы № 35 өкімді түсіндіру мақсатында онлайн және офлайн форматта вебинар өткізілді.

Іс-шараны кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Куаналиева Г.А. жүргізді, Академиялық Комитет мүшесі аға оқытушы Есекеева А.А. "Көктемгі сессияға дайындық" тақырыбында баяндама жасады. Вебинар барысында № 35 өкімнің негізгі ережелері, емтихан сессиясын ұйымдастыру тәртібі, бағалау критерийлері, сондай-ақ студенттердің академиялық тәртібіне қойылатын талаптар егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Вебинарға Білім беру және оқыту сапасы жөніндегі академиялық комитет төрайымы Урисбаева А.А. арнайы қатысып, академиялық саясат пен емтихан сессиясы кезінде қолданылатын бақылау жүйесі туралы қосымша ақпарат берді.

Сонымен қатар, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы толық құрамда қатысып, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты және вебинар барысында қойылған сұрақтарға белсенді түрде қатысты.