Ұлттық киім – ұлттық бірегейліктің айғағы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұлттық киімнің мәртебесін арттыру мақсатында «Наурызнама» онкүндігінің 5-ші күні ерекше іс-шара өтті. Бұл күні университет оқытушылары мен қызметкерлері ұлттық киіммен жұмысқа келіп, еліміздің мәдени мұрасын дәріптеуге үлес қосты. Механика-математика факультетінің оқытушылары мен қызметкерлері де белсене қатысып, ұлттық киімдермен келіп, бұл игі бастаманы қолдады.
Факультет аға кураторы Абенов Б.К. аталған іс-шараға қатысып, ұлттық киімнің мәдениетіміз үшін маңыздылығын атап өтті. Ол бұл шараның жастарға ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға және мәдени мұрамызды сақтауға ықпал ететінін айтты. Сонымен қатар, осындай бастамалар жастардың ұлттық болмысын тереңірек түсінуге және бағалауға көмектеседі.
Факультетіміздің профессорлары мен оқытушылары, сондай-ақ студенттер, заманауи үлгідегі ою-өрнегі бар ұлттық киімдермен келіп, Наурыз мейрамын ерекше мән-маңызбен қарсы алды. Бұл шара ұлттық киімдерге деген қызығушылықтың артып келе жатқанын, сондай-ақ оларды күнделікті өмірде киюдің жаңа дәстүрге айналып жатқанын көрсетеді.
Ұлттық киімдер – біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Оларды жастар арасында насихаттап, жаңа үлгідегі ұлттық киімдер арқылы әлемге таныту маңызды. Механика-математика факультеті осы игі дәстүрдің жалғасын тауып, ұлттық киімдерге деген сұраныстың артуына өз үлесін қосатынына сеніміміз мол.
Наурыз мейрамының аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара ұлттық киімді тек мереке күндері ғана емес, күнделікті өмірде де кие отырып, ұлттың мәдени болмысын сақтап қалу қажеттігін тағы да бір мәрте көрсетті.
Бұл іс-шара ТДМ 4: Сапалы білім мақсатымен де тығыз байланысты. Ұлттық киімдерді дәріптеу және мәдени мұрамызды сақтауға бағытталған бұл бастама жастарды ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға, мәдениетімізді тереңірек түсінуге және бағалауға тәрбиелейді. Механика-математика факультетінде өткізілген іс-шара жастардың ұлттық болмысын ұғынып, оны заманауи өмірде насихаттау арқылы білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде мәдени білім беру мен ұлттық бірегейлікті сақтау жолында маңызды қадам болып табылады.
Басқа жаңалықтар

