METEOTALKS: ылым мен практиканы біріктірген түлекпен кездесу
2025 жылғы 9 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Метеорология және гидрология" кафедрасында METEOTALKS атты ерекше форматтағы кездесу кеші өтті.
METEOTALKS жобасы — болашақ метеорологтар мен гидрологтарға шабыт сыйлайтын, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін платформа. Іс-шара білім мен тәжірибе арасындағы байланысты нығайтып, студенттердің кәсіби бағдарын нақтылауға сеп болды.
Іс-шараның басты қонағы — метеорология мамандығының түлегі Назарбекова Сәнімгүл болды. Ол Жапонияда академиялық ұтқырлық бойынша тағылымдамадан өткен, халықаралық ғылыми ортадағы тәжірибесімен бөлісті. Қазіргі таңда Сәнімгүл климаттық зерттеулер мен экологиялық жобаларға белсене қатысып, өзінің ғылыми және кәсіби жолын жалғастыруда және Қостанй қаласында Қазаэронавигация мекемесінде инженер -синоптик маманы болып қызмет атқарады.
Кешке кафедра оқытушылары, магистранттар мен бакалавр студенттері қатысты. Сәнімгүл өзінің студенттік кезеңі, кәсіби өсу жолы және шетелде жұмыс істеу ерекшеліктері жайлы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық пікірталас жүргізді. Іс-шара теориялық оқытумен кәсіби салада практикалық жүзеге асыру арасында құнды көпірге айналды. Ашық диалог студенттерді дамуға, горизонттарың кеңейтуге және кәсіби жолды сенімді таңдауға шабыттандырды.
Басқа жаңалықтар

