Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері олимпиадада жүлделі орынға ие болдыFarabi University

51

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері олимпиадада жүлделі орынға ие болды

10 сәуір, 2025

 

2025 жылдың 9-10 сәуір күндері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында ұйымдастырылған «Археология және этнология» білім беру бағдарламасы бойынша пәндік олимпиадада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Археология, этнология және музеология кафедрасының "Қара шаңырақ" командасы 2-орынды иеленді.

Команда құрамындағы талантты студенттер Ахметқан Әнел Думанқызы, Ахмет Әкежан Дауренұлы (Этнология және антропология мамандығы, 3-курс), Исаев Ахверды Исрафилович (Археология мамандығы, 3-курс) және Ынтымақ Асхат (Археология мамандығы, 2-курс) өздерінің білімдерін, шығармашылық қабілеттерін және мәдени мұраға деген ерекше ықыластарын көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.