«Қыздарға арналған энциклопедия» атты кітаптың таныстырылымыFarabi University

51

«Қыздарға арналған энциклопедия» атты кітаптың таныстырылымы

10 сәуір, 2025

Филология факультетінің номері 17 жатақханасында «ТДМ-4» «Сапалы білім» аясында 2025 жылдың 10 сәуірінде Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Аруна» баспасынан жарық көрген «Қыздарға арналған энциклопедия» атты кітаптың таныстырылуы өтті. Кездесуде баспа туралы ақпарат беріліп, соңғы кезде жарияланған «Ежелгі эпостар», «Ежелгі Қазақстан әпсаналары», «Қазақстандық ертегілер» кітаптары да таныстырылып, жатақхана кітапханасына бір-бір данадан сыйға тартылды.  Ең бастысы  осы баспаның сұранысқа  ие болып отырған кітабы «Қыздарға арналған энциклолпедия» екенін атап өткен баспа  редакторы Қарлығаш Байғабылова: кітаптың ішіндегі  материалдар мен мәліметтер  заман талабына сай өзгерістерге икемделіп, жаңа ақпараттармен толықтырылғанына баса мән берді.  Жас филологтардың қызығушылығын танытқан кітаптың мазмұны мен құрылымы бір-бірімен сабақтас, өзекті тақырыптармен қамтылған. Қыз баланың ес біліп, етек жиған кезінен бастау алатын эстетикалық құндылықтардың бәрі қамтылғанын  студент жастар бірден байқады. Кітапты құрастырушылар мен оның ішіндегі материалдарына қызығушылық танытқанын қызу таласқа түскен диалогтардан байқадық. Сұрақтар негізінен кітаптың жазылу барысына, көтерілген тақырыптарына қарай қойылды. Атап айтқанда қыз балаға қатысты этикалық, эстетикалық тәрбиенің қоғамдағы болып жатқан кейбір келеңсіз көріністермен салыстырылып, тіпті адам жаны  қынжылатын жағдайлардың кездесіп жататынына күйінетіндерін жеткізді. Қазақ қызы бойындағы имандылықтың, әдеп пен ұяттың жиынтығы жиналған бейнесіне мұндай әрекеттер жат екеніне қолдарына тиген  еңбек те дәлелдейтін алға тартты. Еңбекте қыз баланың балаң кезден тұлғаға дейінгі барлық әрекеттері қамтылған. Тіпті, бой түзеу, ортада өзін ұстауы, қылық-әрекеттері, сыпайылық пен ақылдылық қызы баланың ажарын аша түсетініне мән берілген.  Нағыз сұлулықтың мәнін сыртқы келбет емес оның жан дүниесінде болатынын, адамның көркі  жайдары мінезде екенін кітап құрастырушылары басты қағида етіп ұстанғанын жеткізді. Мәселен, қыз баланың сымбаты ғана емес сонымен бірге әрбір қозғалысының өзі тіпті  денесін тік, аяғын түзу басқан кездегі жүрісі де оның ішкі дүниесіне де байланысты екенін онда да мән бар екенін алға тартты. Сенімді адам еркін, сенімсіздің иығы салбырап, арқасын бүкірейтіп қыз баланың бейнесіне жарасымсыз келбет әкелетінін оны жоюдың алғышарттары туралы біраз  пікірталастар орын алды. Орынсыз сөйлеп, орынсыз күлу қыз балаға жат нәрсе екенін, қыз баланың қатты күлгеннен жәй жымиысы ғана оның жарасымды қылығы, инабатты да иманды болмысын ашатынын мысалға келтірілді. Енбекте қыз баланың психологиялық жағдайлардан шығу жолдары да қарастырылған.  Қоғамда жиі кездесетін түсініспеушіліктер, ата-анамен, дос-құрбы, т.б. қарым қатыныс, ренішті қайтару жолдары, мінездегі ұстамдылық сияқты іс-қимыл әрекеттері,  тіпті тағатын бұйымдары, киетін киімдеріне шейін сараланып, нақты жолдары көрсетілген мазмұнды да өзекті еңбек екені  атап өтілді. 
Кітап талқылауға қатысушылар қыз баланың жаратылысына қатысты нақты деректер мен шешімдерді,  мазмұнды ақпараттарды ғана емес ұлттық рухани болмысын тәлімді де бойына жинады деп есептейміз.