
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғалымдармен кездесуінде елімізде ғылымды дамытуға қатысты жасалған баяндамасы маңызды қадам болып табылады. Бұл кездесуде ғылымның жаңа бағыттары мен перспективалары, сондай-ақ еліміздегі ғылыми зерттеулерді қолдау мен дамыту мәселелері талқыланды. Біздің ойымызша, Президенттің ғылымды қолдау және дамыту бағытындағы бастамалары елдің интеллектуалды әлеуетін арттыру үшін үлкен маңызға ие. ылым мен білімнің дамуымен ғана біз әлемдік аренада бәсекеге қабілетті бола аламыз. Қазақстанның ғылыми саласына мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау әрбір ғалымға жаңа мүмкіндіктер мен зерттеу алаңдарын ұсынады. Бұл тек ғылымның ғана емес, бүкіл қоғамның дамуына өз ықпалын тигізетіні сөзсіз. ҚазҰУ ғалымдары Президенттің ғылымды дамытудың жаңа жолдарын ұсынуын және бұл бағытта мемлекет тарапынан жасалған нақты қадамдарды толықтай қолдайды. Біз өз зерттеулерімізде жаңа технологияларды енгізіп, инновациялық жобаларды дамытуға баса назар аударып, халықаралық ғылыми серіктестікті нығайтуға ұмтылып келеміз. Қазақстан ғылымын дамыту – бұл барша ғалымдардың міндеті, және біз осы мақсатта өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Президентіміздің жетекшілігімен ғылым саласында айтарлықтай жетістіктерге жетеміз деп сенеміз.
Мырзахмет М.Ж
Шет тілдері кафедрасы
Басқа жаңалықтар

