ылымды дамыту - озық ел, ұлт болудың кепілі.

Республика Президенті Қ.К.Тоқаев ылым күні 2025 жылғы 10 сәуір қарсаңында ел ғалымдарымен кездесіп, оларды кәсіби мерекесімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымның әр саласында табысты еңбек етіп, мемлекетімізді өркендетуге ат салысып жүрген азаматтарға ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Ел басшысы ғылым жолы – күрделі де қиын жол екенін және өз ісіне адал, табанды, еңбекқор, жаңашыл әрі жасампаз адамдардың ғана ғылым жолындағы қиындыққа төзе алатынын атап өтіп, қоғамда осы қасиеттерді дәріптеп, орнықтыру озық ел болу үшін қажет екенін атап өтті. Сондай ақ, президент қазір технология қарқынды дамыған кезеңде ел ғалымдарының үздіксіз ізденіске, терең білім мен ғылымға ерекше мән беру мәселелеріне тоқталды. Өткен жылы қабылданған «ылым және технологиялық саясат туралы» заңда да президенттің ұсынысымен ғалымдарды әлеуметтік қолдау шаралары айқындалып, ғылым жолында еңбек етіп жүрген азаматтардың мүддесі барынша ескерілді.
ылым – стратегиялық маңызы бар сала болғандықтан, мемелекет тарапынан жас зерттеушілерге, ғалымдарға қолдау күшейіп келеді. Мемлекет басшысының пікірінше, осындай қадамдар еліміздің ғылыми әлеуетін арттыра түседі. Қазір Қазақстанда ғалымдардың жаңа буыны қалыптасып келе жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымның алдында тұрған бірқатар маңызды міндетке, яғни стратегиялық міндеттерге, ядролық ғылым мен технологияны дамытуға назар аударды. Ел президенті Алматыдағы Ядролық физика институты мен Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық сияқты алдыңғы қатарлы ғылыми мекемелер іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, мамандар даярлап жатқанын хабарлады. Атом энергиясын өндіру – тұрақты энергия көзі ғана емес, экономика мен ғылымның жаңа бағыттарын дамытудың негізгі кілті. Бұл ретте ядролық медицина, сутегі энергиясы, суды тұшыту, синтетикалық отын өндіру, шағын модульді реакторлар және тағы басқа мәселелер туралы сөз етті. Осы бағытта президент зор табысқа жету үшін зерттеу инфрақұрылымын нығайту, ғылыми жұмысты күшейту, инженерлік білім беруді жаңғырту қажет екенін тағы да ескертті.
Мемлекет басшысы әлемде жасанды интеллект технологиялары қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып Қазақстанның аталған салада алдыңғы қатардан көрінуіне толық мүмкіндігі бар деп санайтынын және адам капиталы – еліміздің бұл бағытта атқаратын жұмысының басты кепілі болып табылатынын, яғни президент елдің талантты және білімді азаматтарға арқа сүйейтінін білдіріп, оларға үлкен сенім артты.
Жалпы, ғылымның жүйелі дамуы үшін мемлекет пен бизнес, университеттер мен ғылыми орталықтарын күш жұмылдырып, бірігуге шақырды.
Баймуратова И.А. , ф.ғ.к.
Филология факультеті, шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы.
Басқа жаңалықтар

