- Басты бет
- Жаңалықтар
- Алматы қаласында Түркия Республикасының білім атташесі Айхан Коркмазбен кездесу
Алматы қаласында Түркия Республикасының білім атташесі Айхан Коркмазбен кездесу

9 сәуір 2025 жылы оқу, әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, доцент міндетін атқарушы Халел Агнур және Шығыстану факультетінің Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары Дулаева Эльнара Зильпикаровна, Саваш Шахин шақырылған профессор, PhD докторы Алматы қаласында Түркия Республикасының білім атташесі Айхан Коркмазбен Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында кездесу өткізді.
Кездесу барысында екіжақты келісімдер мен ғылыми және білім беру саласындағы Қазақ ұлттық университеті мен Түркия Республикасының университеттері арасындағы ынтымақтастықты қайта жандандыру және тереңдету мәселелері талқыланды.
Арнайы назар аударылған тақырыптар арасында Шығыстану факультеті мен Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының студенттері үшін Түрік компанияларында өндірістік тәжірибеден өту ұйымдастыру, сондай-ақ Түркия университеттерімен бірлесіп түрік тілін үйрететін курстарды ашу мәселелері болды. Бұл шаралар білім сапасын арттыруға және студенттердің дайындығының деңгейін нақты анықтауға мүмкіндік береді.
Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы:
Э.З. Дулаева А. Халел
Басқа жаңалықтар

