ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 4 КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2025 жылдың 9 сәуір күні Шығыстану факультетінің 4 курс студенттерімен мәжіліс залында арнайы кездесу өтті. Кездесуге факультет деканы т.ғ.к., доцент Н.Б. Ем, кафедра меңгерушілері, эдвайзерлер, магистратураның Білім беру бағдарламаларының үйлестірушілері және 4 курс студенттері қатысты.
Кездесуде студенттерге үйлестірушілер барлық магистратура бағдарламалары (7M02328 Мәдениет контекстіндегі шығыс тілі, 7M02217 Шығыстану, 7M02310 Шетел филологиясы (шығыс тілдері), 7M02302 Аударма ісі (шығыс елдері), 7М03115 Аймақтану (шығыс елдері)) бойынша толық ақпарат берді. Сондай-ақ, үйлестірушілер оқуға қабылдау мүмкіндіктері мен құжаттарды қабылдау мерзімдері және т.б. ақпараттар туралы айтып өтті. Өз кезегінде факультет деканы Н.Б. Ем сөз барысында факультет өз түлектерін әрқашан мақтан тұтатындығын және студенттерінің магистратурада оқуын жалғастыруын күтетіндігін жеткізді. Келесі кезекте факультет түлегі, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушысы Назерке Жарбосынова факультеттегі жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, магистратурадағы оқуы туралы баяндап берді.
Кездесу соңында студенттер магистратураның білім беру бағдарламаларына қатысты маңызды сұрақтарына жауап ала алды. Сонымен қатар, оқуға қабылдау талаптарымен жан-жақты танысып, ұйымдастырылған кездесуге алғыстарын білдірді. Кейбір студенттер университетімізде қалып, магистратурада оқуын жалғастырғысы келетіндерін жасыра алмады. Осы кездесудің арқасында студенттер барлық магистратура бағдарламалары туралы біле алды.
Бұл кездесу студенттер үшін пайдалы ақпарат алуға және ғылым мен білім саласындағы болашақ мансабын жоспарлауда саналы таңдау жасауға мүмкіндік беретін маңызды қадам болды.
Басқа жаңалықтар

