ылыми жетекшіммен ынтымақтастық: Зерттеу жұмысындағы тәлімгердің рөліFarabi University

51

ылыми жетекшіммен ынтымақтастық: Зерттеу жұмысындағы тәлімгердің рөлі

9 сәуір, 2025

Шетелдік ғылыми жетекшімен өткізілген докторантуралық тағылымдама – ғылыми мансаптағы маңызды әрі жемісті кезең. Бұл кезең білімді тереңдетуге, зерттеу дағдыларын дамытуға және болашақ ғылыми жетістіктерге дайындалуға бағытталған.

Тағылымдама барысында мен және шетелдік ғылыми жетекшім – Н.П. Огарёв атындағы Мордов мемлекеттік университетінің шет тілдер факультетінің деканы Буренина Наталья Викторовна тығыз ынтымақтастықта жұмыс істедік. Бұл ғылыми зерттеу мен тәжірибеде ілгерілеуге берік негіз болды.

Біздің өзара әрекетіміз тұрақты кеңестер, ғылыми мәселелерді талқылау және зерттеу саламдағы өзекті мәселелерді бірлесіп пысықтауды қамтыды. Бұл маған зерттеудің теориялық және практикалық жақтарын терең түсінуге, сондай-ақ зерттеу әдістемесін жетілдіруге мүмкіндік берді. ылыми жетекшім әдеби көздерді іздеу мен талдауда, күрделі мәселелерді қарастыруда және ғылыми міндеттерді шешу жолдарын жетілдіруде үлкен қолдау көрсетті.

Тағылымдаманың маңызды бөлігі – ғылыми жетекшімнің басшылығымен қатысқан семинарлар мен ғылыми кездесулер болды. Бұл шаралар әріптестермен идея алмасуға, ғылымдағы жаңа бағыттарды талқылауға және зерттеулерді дамытуға тиімді алаң болды.

Бұл тағылымдама тек теориялық білімімді тереңдетіп қана қоймай, сонымен қатар ғылыми жұмыстағы практикалық дағдыларымды дамытуға көмектесті. Бұл менің докторлық диссертациямды сәтті аяқтауыма және болашақтағы ғылыми мансабыма сенімді қадам болады.

Меттибаева Сандуғаш

Қытайтану кафедрасының PhD докторанты