"Қағба және қажылықтың тарихы" тақырыбында ашық дәріс
.jpg)
2025 жылдың 20 наурызы күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетіне қарасты Дінтану және мәдениеттану кафедрасында "Зекет және қажылық" пәні аясында "Қағба және қажылықтың тарихы" тақырыбында ашық дәріс ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара исламтану мамандығының 1-курс магистранты С.Б.Маликовтың педагогикалық практикасы аясында өткізілді. Ашық дәріске профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттарға арнайы шақырту жіберілді.
Дәріс барысында Қағбаның тарихи және діни мәні, ислам тарихындағы орны, сондай-ақ қажылық рәсімінің кезеңдері мен тарихи эволюциясы кеңінен қарастырылды. Тыңдаушыларға қажылықтың мұсылман қауымындағы рухани-мәдени маңызы туралы жан-жақты мәліметтер ұсынылды.
Іс-шараның ғылыми әрі практика жетекшісі ф.ғ.д. М.А.Жүзей магистранттың тақырыпты жан-жақты зерттеп, өз ойын жүйелі түрде жеткізе білгенін атап өтіп, студенттің дайындық деңгейіне жоғары баға берді. Сонымен қатар, осындай іс-шаралардың магистранттардың ғылыми және педагогикалық қабілеттерін дамытудағы маңызын ерекше атап өтті.
Ашық дәріс Халықаралық қатынастар факультетінің 125-аудиториясында өтіп, сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін жалғасты. Іс-шара өз мақсатына сай жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағаға ие болды.
Басқа жаңалықтар

