- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасында «Қазақ, орыс және қытай тілдеріндегі кірме сөздердің прагматикалық қызметтері» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.
Қытайтану кафедрасында «Қазақ, орыс және қытай тілдеріндегі кірме сөздердің прагматикалық қызметтері» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.

2025 жылғы 8 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасы «Қазақ, орыс және қытай тілдеріндегі кірме сөздердің прагматикалық қызметтері» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шара Қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен 8D02305 – Шетел филологиясы (Шығыс тілдері) мамандығы бойынша 2-курс докторанты Пак Раисаның ғылыми-зерттеу жұмысы аясында ұйымдастырды.
ылыми семинар барысында келесі мәселелер талқыланды:
-Кірме сөздер ұғымы және олардың тілдегі рөлі
-Қазақ, орыс және қытай тілдеріндегі кірме сөздердің прагматикалық аспектілері
-Қазіргі кездегі жағдайлардан алынған мысалдар мен талдаулар
Семинар барысында қатысушылар кірме сөздердің қытай тілі мен мәдениетіне әсер ететін түрлі қырларымен танысты. Кафедра оқытушылары мен докторанттарының қатысуымен пікір алмасу өтті, ал семинар қорытындысы бойынша бұл бағытта зерттеуді жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Басқа жаңалықтар

