100 кітап сыйғаFarabi University

51

100 кітап сыйға

8 сәуір, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінде Академик Ә.Т.Қайдар атындағы Халықаралық Түркі мәдениеті және мұрасы орталығына “Арыс” баспасының директоры, Әбдуәли Қайдардың шәкірті филология ғылымдарының докторы, әйгілі алаштанушы, қазақ тіл білімінің антологиясын құрастырушы, Ғарифолла Әнестің атынан 100 кітап сыйға тартылды. Ғарифолла Әнес әл-Фараби атындағы Филология фаультетінің түлегі. Кітапты “Арыс” баспасының ісін жалғастырушы Ғарифолла Әнестің қызы, PhD докторы Үміт Әнесова  табыстады. Кітаптардың басым бөлігі қазақ тіл білімінің коррифейлері мен ең үздік ғалымдарының еңбектері: көп томдық “Қазақ тіл білімі антологиясы” (А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Исаев, Ы.Маманов және т.б. еңбектері), сөздіктер және кейінгі жылдары жарық көрген алаш қайраткерлері мен репрессияланған қазақ интеллегенциясына арналған ғылыми еңбектер. Бұл зерттеулер тек филологтар қана емес, тарихшылар мен журналистер үшін де құнды мұралар. Алдағы уақытта “Арыс” баспасы университет кітапханасына да кітап сыйлауды жоспарлап отыр.