
Аналитикалық, колоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының доценті М.Ж. Керимкулова өзінің ғылыми жетекшілігінде болған факультеттің 2021 жылғы түлегі Қабдолданов Ақан Нұржанұлын және «Жыланды» дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 7-8 сынып оқушыларын факультетке арнайы шақырып, таныстырды.
А.Н. Қабдолданов университет аяқтаған соң өз ауылында еңбек етіп, өз аймағында Қазақстан үшін химия саласының дамуына үлесін қосу үшін еңбек етуде. Ұстаздық ету жолында оқушыларына болашақ мамандықтарын кәсіби түрде таңдау, еліміз үшін химия, химиялық технология мамандарының маңыздылығын дәріптеуде. Әр кез ғылыми жетекшісі М.Ж. Керимкуловамен ақылдаса отырып, кішкене ғана ауылдың оқушыларына өзі оқыған университет, ондағы білім беру бағдарламалары, жетістіктері, студенттердің білім, ғылым жолындағы мүмкіндіктері туралы дәріптеп отырады.
2024 жылдың 28 қарашасында арнайы университетке келіп, университет құрылымымен, факультеттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Осы танысудан кейін оқушылардың химия саласына қызығушылықтары артып, «Young chemist's» клубы құрылды. Клубтың жетекшісі Қабдолданов А.Н. өзінің оқушыларымен бірге химия сабағын қызықты өткізу, сол арқылы жас химиктердің химия мамандығына қызығушылығын арттырып, ғылым мен технология саласының маңыздылығын түсіне отырып, мамандық таңдауға жол ашуға жұмыс жасауда. Мұндай шаралар БҰҰ-ның ТДМ №4 – "Сапалы білім беру" мақсатына сай келеді.
Басқа жаңалықтар

