ТДМ-4: «Қаржылық тәуелсіздікке алғашқы қадам» атты кездесу өттіFarabi University

51

ТДМ-4: «Қаржылық тәуелсіздікке алғашқы қадам» атты кездесу өтті

3 сәуір, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология факультеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен 3 сәуір күні «Қаржылық тәуелсіздікке алғашқы қадам» атты кездесу өтті.

Бұл кездесудің арнайы қонағы ретінде қаржы саласының жас әрі табысты өкілі және жеке қаражатты басқару жөніндегі бас сарапшысы Мадина Шенгелбай шақырылды. Ол өзінің қаржылық сауаттылықты арттыру жолындағы тәжрибесімен бөлісіп, жастарға нақты әрі пайдалы кеңестер берді.

Шараның басты мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттырып, олардың дербес шешім қабылдау қабілетін дамыту. Кездесу барысында қатысушылар жеке бюджет жүргізу және қаржылық тәртіпті қалыптастыру сынды маңызды тақырыптар айналасында сұрақтар қойып, жауаптар алды.

Осындай кездесулер жастардың болашақта өз жолын дұрыс бағытта қалыптастыруына себеп болары сөзсіз.

Ұйымдастырушылар тарапынан белсенділік танытқан барлық студенттерге және Мадина Шенгелбайға өз алғысымызды білдіреміз!