ТДМ-4: «Topproject» жобасы өттіFarabi University

51

ТДМ-4: «Topproject» жобасы өтті

8 сәуір, 2025

Университетімізде Жоғары Құқықтық Тәртіп сақтау жасағының бастамасымен 8 сәуір күні ұйымдастырылған «TOPPROJECT» атты ауқымды жоба жоғары деңгейде өтті.

Аталған жоба Жоғары Құқықтық Тәртіп сақтау жасағының құрамындағы белсенділер мен жаңа келген 1-курс студенттері үшін ұйымдастырылып, басты мақсаты – студенттердің ұйым жұмысына сіңісіп, бейімделуіне, белсенділік танытуына және ортаға тез араласуына жағдай жасау болды.

Жоба аясында қатысушылар командалық ойындар, тренингтер мен тимбилдинг бағытындағы түрлі қызықты әрі мазмұнды іс-шаралар арқылы ұйым ішіндегі ынтымақтастық пен бірлікті нығайтып, өзара түсіністікті арттырды. Сонымен қатар, жоба барысында студенттер өздерінің ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттерін көрсетіп, жаңа достар тауып, болашақта жүзеге асатын бірлескен жобаларға идеялар ұсынып үлгерді.

Бұл бастама университет қабырғасындағы ұйым жұмысын жандандыруға, студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыруға және оларды жауапкершілікке, тәртіпке баулуға бағытталған маңызды платформаға айналды.

«TOPPROJECT» жобасы – тек жаңа студенттерді бейімдеуге арналған шара ғана емес, сонымен қатар, ұйымның алдағы даму бағытын айқындайтын ірі қадам болды. Биылғы ерекше маңыздылығы – Жоғары Құқықтық Тәртіп сақтау жасағының 10 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуі. Осыған орай, ҚазҰУ көлемінде ұйымның он жылдық мерекесі салтанатты түрде атап өтіліп, тарихы мен жетістіктері кеңінен насихатталды.

Жоғары Құқықтық Тәртіп сақтау жасағы ұйымы алдағы уақытта да осындай игі жобаларды жалғастырып, студенттердің жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін алаң қалыптастыруды мақсат тұтады.