Зайырлы қоғамдағы діни еркіндік: Шекаралары мен шектеулеріFarabi University

51

Зайырлы қоғамдағы діни еркіндік: Шекаралары мен шектеулері

6 сәуір, 2025

6-сәуір 2025 жыл – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3 курс дінтану студенттеріпедагогикалық практика аясында "Зайырлы қоғамдағы діни еркіндік: шекаралары мен шектеулері" атты семинарға қатысты. Семинарға Дін мәселелерін зерттеу орталығының сарапшылары Ғасырбек Нарымов және Дианар Сабыдырбек қатысты.

Семинар барысында дін мен зайырлылық арасындағы байланыс, діни еркіндіктің қоғамдық өмірдегі орны, сондай-ақ бұл ұғымдардың заңдық және моральдық шектеулері талқыланды. Әсіресе, Қазақстандағы зайырлы қоғамның ерекшеліктері мен діни еркіндікке қатысты мәселелер кеңінен қарастырылды. Эксперттер зайырлылықтың мемлекеттік құрылым мен діни сенімдердің тәуелсіздігіне кепілдік беретін маңызды принцип екенін атап өтіп, бұл қағидаттардың қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы рөлін ерекше атап өтті.

Тұрақты даму мақсаттары

Семинар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес келетін маңызды тақырыптарды қамтыды:

  • 16-мақсат: Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар — діндер арасындағы диалог пен түсіністікке қол жеткізу, діни сенімдерді сыйлау мен мемлекет тарапынан бейбітшілік пен әділдік принциптерін сақтау.
  • 10-мақсат: Қоғамдағы теңсіздікті азайту — әр адамның діни сенімін еркін таңдау мүмкіндігі, діни алуан түрлілікті құрметтеу.
  • 17-мақсат: Ынтымақтастық және мақсатты жүзеге асыру — мемлекеттік органдар мен діни қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, діни еркіндікті қорғайтын заңнамалық нормаларды дамыту.

Эксперттер Ғасырбек Нарымов мен Дианар Сабыдырбек Қазақстанда діни еркіндіктің шекаралары мен шектеулері туралы сөз қозғап, қоғамдағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында діни сенімдерге қатысты ақпараттық жұмыстарды күшейту керектігін айтты. Сонымен қатар, олар құқықтық нормалар мен мемлекеттің зайырлы принциптерінің үйлесімділігі жайлы пікірлерін білдірді.

Ұйымдастырушылар

Іс-шараны ұйымдастырған:

  • Балтымова М.Р., ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор
  • Мұқан Нұрзат, аға оқытушы, педагогикалық практика жетекшісі
  • Алпысбай Әсем, исламтану мамандығының 1-курс магистранты
  • Жұбанов Бекдәулет, исламтану мамандығының 1-курс магистранты