- Басты бет
- Жаңалықтар
- «NEOTÜRK: ҒАСЫРЛАР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТОҒЫСЫНДА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКІТАНУШЫЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
«NEOTÜRK: ҒАСЫРЛАР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТОҒЫСЫНДА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ТҮРКІТАНУШЫЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

2025 жылдың 7 сәуір күні Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Шығыстану факультеті) бірлесіп, жас түркітанушы ғалымдар, докторанттар мен магистранттар және студенттерге арналған «NEOTÜRK: ҒАСЫРЛАР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТОҒЫСЫНДА» атты халықаралық ғылыми конференциясын өткізді. Конференция Әл-Фараби бабамыздың 1155 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Конференцияның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Өнертану ғылымдарының докторы, профессор Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Президенті Райымқұлова Ақтоты ханым қатысты.
Конференцияның мақсаты – түркі халықтарының тілі, тарихы мен мәдениетін зерттеуге жас ғалымдарды жұмылдыру; түркітану ғылымының жаңа бағыттарын анықтау және өзекті мәселелерді талқылау; ғылыми ізденістері бар жас зерттеушілерге өз жұмыстарын таныстыру мүмкіндігін ұсыну; түркі халықтарының ортақ рухани құндылықтарын насихаттау және заманауи зерттеу әдістерін қолдану.
Конференция жұмысы төмендегі секциялар бойынша ұйымдастырылады:
ФИЛОЛОГИЯ СЕКЦИЯСЫ:
• Асқар Құрмашұлы Егеубаев орта ғасыр ескерткіштерін зертеуші ғалым
• Түркі жазба ескерткіштері: мәтінтану және аударма мәселелері
ТАРИХ СЕКЦИЯСЫ:
• Түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасы ғасырлар тоғысында
• Махмуд Қашғари және түркі әлемі
ШЫҒЫСТАНУ СЕКЦИЯСЫ:
• Түркия және жаһандық үдерістер: тіл, тарих және мәдениет.
Шығыстану секциясына Қазақстан, Ресей, Түркия, Әзірбайжан мемлекеттерінен жас ғалымдар қатысып, конференция тақырыбына сай өздерінің онлайн баяндамаларын жасады. Секция соңы қатысушылардың бір-біріне сұрақтар қойып, өте жақсы пікір алмасуымен аяқталды.
Басқа жаңалықтар

