«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың жыл сайынғы халықаралық ғылыми конференцияFarabi University

51

«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың жыл сайынғы халықаралық ғылыми конференция

4 сәуір, 2025

2025 жылдың 3-5 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың жыл сайынғы халықаралық ғылыми конференциясын өткізді. Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында екі секция жұмыс істеді: «Қаржылық-құқықтық пәндер», «Қазақстан Республикасында «Жасыл» экономиканы қалыптастырудың құқықтық мәселелері». Барлығы 32 қатысушы қатысты.

Конференция аясында аталған салалардағы құқықтық қоғамдастықтың алдында тұрған заманауи сын-қатерлер мен проблемалар қаралды.
Конференцияға студенттер мен жас ғалымдардың қатысуы ғылыми ойлауды дамытуға, сондай-ақ академиялық тәжірибе мен идеялармен алмасуға ықпал етеді және кеден, қаржы және экологиялық құқық саласындағы ғылыми диалог деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.


«Фараби әлемі» дәстүрлі халықаралық ғылыми конференциясы әртүрлі елдер мен жоғары оқу орындарының студенттері мен жас ғалымдары арасындағы халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді, бұл жаһандық құқықтық қоғамдастықты дамытудың маңызды факторы болып табылады. «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының қорытындысы бойынша студенттер мен магистранттарға 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар және сертификаттар табыс етілді.

Қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!