ҚазҰУ-дың №4 жатақханасында «Салты солай Наурыздың» атты мерекелік шара атап өтілдіFarabi University

51

ҚазҰУ-дың №4 жатақханасында «Салты солай Наурыздың» атты мерекелік шара атап өтілді

25 наурыз, 2025

2025 жылдың 24 наурызында ТДМ 4 іске асыру шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің №4 жатақханасында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Салты солай Наурыздың» тақырыбында жарқын әрі танымдық іс-шара атап өтілді. Іс-шара метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы, PhD, 2-курс куратор-эдвайзері Абдуллаева Ә.С. және «6B05203-Гидрология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері бастауымен ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – табиғаттың жаңаруын, бейбітшілік пен келісімді білдіретін Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің мәдени дәстүрлері мен салт-дәстүрлерін жастарға насихаттау болды.

Іс-шара аясында дәстүрлі Наурыз көжені дайындаудан шеберлік сабағы көрсетіліп, «Үздік бауырсақ» байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқауда студенттер өз қолымен әзірлеген бауырсақтарының дәмі мен көркемдігі бойынша сынға түсті. Кеш соңында қазақ халқының мәдениеті, тарихы мен дәстүрлері туралы білімді кеңейтуге бағытталған интеллектуалдық ойындар өткізілді.

Мерекелік шара жылы әрі көңілді атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттырды.