- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 4 – «Сапалы білім беру». Үздіксіз өндірістік практика бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультетінде
ТДМ 4 – «Сапалы білім беру». Үздіксіз өндірістік практика бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультетінде
11 ақпан, 2025

ТДМ 4 – «Сапалы білім беру». Үздіксіз өндірістік практика бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 6В05301-Химия мамандығының 4-курс студенттері Химия және химиялық технология факультетінде тәжірибемен алмасты. Бұл үздіксіз практикадан өту химия және химиялық технология факультетінде ұйымдастырылып, студенттерге теориялық білімдерін тереңдетуге, сондай-ақ, кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді. Тәжірибе барысында студенттер түрлі химиялық процестер мен өндірістердің жұмыс принциптерін білуге және оларды іс жүзінде көруге мүмкіндік алды.
Тәжірибенің негізгі мақсаты – студенттердің химиялық технология саласындағы білімдерін толықтыру және олардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру болып табылады. Студенттер өздерінің теориялық білімдерін нақты өндірістік жағдайларда қолдану дағдыларын игерді. Химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасына келген студенттер, ең алдымен, доцент Г.Ж. Жақсылықова басшылығымен «Жалпы химиялық технология» пәні бойынша дәрістер алды.
Тәжірибе барысында студенттер крекинг, пиролиз, майларды гидрлеу сияқты күрделі химиялық процестердің зертханалық жұмыстарын өз көздерімен көріп, олар туралы толық ақпарат алды. Бұл тәжірибе студенттерге химиялық процестердің мәнін түсінуге ғана емес, сонымен қатар, олардың өндірісте қалай жүзеге асырылатынын, қолданылатын әдіс-тәсілдерді, жаңа технологиялардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әртүрлі химиялық процестердің теориялық негіздері мен практикалық аспектілері туралы сұрақтар туындап, Г.Ж. Жақсылықова студенттердің барлық сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді.
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті Жақсылықова Г.Ж.
Басқа жаңалықтар

2 мамыр, 2025

2 мамыр, 2025