- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) – ҚР дағы араб елшіліктермен байланыс орнатудың тиімді жолы
Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) – ҚР дағы араб елшіліктермен байланыс орнатудың тиімді жолы

ТДМ «Тұрақты даму үшін серіктестік», «Сапалы білім беру» тармақтары аясында Сауд Арабиясы Корольдігінің ҚР дағы Елшілігінің кеңесшісі Салех Фаһд әл-Бедах мырза араб бөлімінің профессор-оқытушылар құрамы және студенттерімен кездесті. Кездесу барысында академиялық ұтқырлықты дамыту мәселелері, бірлескен ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру, оқытушыларға арналған академиялық алмасу, тағылымдамалық бағдарламаларды жүзеге асыру сынды мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында Салех Фаһд әл-Бедах мырза студенттер мен оқытушыларға «Араб-ислам әлемінің қазіргі жағдайы және Сауд Арабиясының білім беру саласындағы рөлі» тақырыбында ашық дәріс оқыды. Дәрістен кейін студенттер қонаққа Сауд Арабиясындағы университеттер мен білім беру бағдарламалары туралы сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Арабтану бөлімінің меңгерушісі
Хаван&Բ;Айдынгүл
Басқа жаңалықтар

