
2024 жылдың қыркүйек айында «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» тақырыбындағы Тұрақты даму мақсаты 9 аясында №13 Студенттер үйінде тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шараны келесі оқытушылар ұйымдастырды:х.ғ.к., аға оқытушы Үмбетова А.К.
- х.ғ.к., аға оқытушы Литвиненко Ю.А.
- PhD, профессор м.а. Құдайбергенова Б.М.
- PhD, аға оқытушы Елібаева Н.С.
Кездесу барысында келесі сұрақтарға жауап берілді:
- Түркі әлеміне қандай елдер кіреді?
- «Түркі» сөзі нені білдіреді?
- Түркі ұйымының мақсаты қандай?
- Түркі ұйымы дегеніміз не?
Біртұтас түркі әлемі
Біртұтас түркі әлемі идеясы түркі халықтары мен мемлекеттері арасындағы саяси, экономикалық, мәдени және геосаяси байланыстарды нығайтуға бағытталған. Бұл жоба түркі өркениетінің әлемдік аренадағы рөлін арттыруға және біріктіруге арналған ұзақ мерзімді бастама.
Біртұтас түркі әлемі — бұл халықтардың бірігуін, экономикалық әлеуетті күшейтуді, мәдени жаңғыруды және аймақтың халықаралық деңгейдегі орнын нығайтуды көздейтін стратегиялық мақсат. Оған қол жеткізу үшін барлық мүдделі тараптардың үйлесімді іс-қимылдары қажет.
Басқа жаңалықтар
