
2024 жылдың 11 қарашасында химия және химиялық технология факультетінің «7M07106-Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 1 курс магистранттары Манасова А., Бисенгалиева Г., Қалдыбаева Ұ., Қуанбек С., Хожалепесова А., Нурғалиев А., Ысқақ М. «6В05301 – Химия» мамандығының – 4 курс қазақ бөлімі студенттеріне арналған «Уақытты тиімді басқару жолдары» тақырыбында тәрбие іс шарасын ұйымдастырды (практиканы басқарушы – профессор м.а. Кудайбергенова Б.М.). Бұл тәрбиелік шараның мақсаты студенттерге уақытты тиімді пайдалану мен оның маңыздылығын түсіндіру, уақытты жоспарлау дағдыларын дамыту, өз уақытын дұрыс басқара білу арқылы оқу мен жұмыста табысқа жетуге мотивация беру. Тәрбие сағаты пікірталас түрінде ұйымдастырылып, студенттер үшін өзекті әрі маңызды тақырыптар жан-жақты талқыланды. Магистранттар қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, оларды ситуациялық сұрақтармен толықтыра отырып, студенттердің тақырыпқа деген қызығушылығын оятты. Әрбір сұрақ пен тапсырма студенттерді терең ойлауға және өз көзқарасын білдіруге ынталандырды. Сабақ мазмұны жан-жақты әрі тартымды болды, ал қолданылған әдістер студенттердің белсенділігін арттырып, пікірталасқа барынша қатысуына жағдай жасады. Бұл тақырып тұрақты дамудың Сапалы білім бағытына тікелей байланысты, атап айтқанда: ТДМ 4.4: Жастар мен ересектердің жұмыспен қамтылу, лайықты жұмыс және кәсіпкерлікке қажетті техникалық және кәсіптік дағдыларды қоса алғанда, өзекті дағдылармен қамтылу үлесін арттыру. Осылайша, тәрбие сағатының ұйымдастырылуы жоғары деңгейде өтіп, тақырыптың маңыздылығын айқындай алды.
Басқа жаңалықтар

