«Сапалы білім беру ілгерілеудегі халықаралық ынтымақтастықтың рөлі»

2025 жылдың 5 сәуірінде шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Ә.К. Шаяхмет және Ә.Ж. Өтетілеуова университеттің Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жобасын жүзеге асыру аясында «Сапалы білім беру ілгерілеудегі халықаралық ынтымақтастықтың рөлі» атты конференциясын өткізді. Ағылшын тілінде өткізілген іс-шараға шақырылған спикер ретінде 17 жылдан астам Индия, Франция, Қазақстанда ағылшын тілінен сабақ беру тәжірибесіне ие ағылшын тілі оқытушысы Дж. Милбауер мырза тақырыпқа қатысты өз пікірімен бөлісіп, сөз сөйледі. Ілгерінді тобы студенттері сұрақтарын қойып, америкалық ағылшын тіліне қатысты дағдыларын да дамытты. Сонымен қатар, конференцияның белсенді қатысушылары, яғни шығыстану факультетінің бірінші курс бакалавриат студенттері өздерінің шетел құрбыларымен – Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Бангладеш, Ауғанстан, Пакистан, Судан, Бразилиядан - сұхбаттасып, шағын зерттеулерінің нәтижелерін видео түрінде ұсынды. Конференцияға қатысушылары презентацияларын слайд және ақпараты қолайлы түрде ұйымдастырылған постерлерімен де қатысты. Онымен қалдырмай, университет студенттері өздері дайындаған сұрақтарына жауап іздеп, Қазақстанда оқып жатқан шетел студенттерінен сұхбат алып, нәтижесін барлық конференция қатысушыларына көрсетті. Конференция қатысушылары ‘халықаралық ынтымақтастықтың білім беру саласындағы мағынасы зор, университет студенттері мен оқытушыларына ол үлкен көмек және сынақ болып табылатын нәрсе’, деп қорытындады.
Басқа жаңалықтар

