Туризм мен қонақжайлықты тұрақты дамытудың цифрлық технологиялары
Рекреациялық география және туризм кафедрасында 3 сәуір күні «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы аясында «Туризм мен қонақжайлықты тұрақты дамытудың цифрлық технологиялары» секциясы өз жұмысын атқарды. Секцияға жас ғалымдардан өзекті және қызықты тақырыпта тезистер келіп түсті. Сонымен бірге шара жас ғалымдардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, жаңа идеялар мен серіктестердің қалыптасуына ықпал етті.
Кафедра оқытушыларынан құралған конкурстық комиссия жасғалымдардың шығуларын тыңдап болған соң жеңімпаздарды анықтады:
2 орын – Саткали Илан (ғылыми жетекшісі Молдагалиева А.Е.); Кабдрахманова Сания (ғылыми жетекшісі Спанкулова Л.С.);
3 орын – Усенова Акжан (ғылыми жетекшісі Акбар И.); Қартанова Іңкәр (ғылыми жетекшісі Акбар И.); Құрманбек Салтанат (ғылыми жетекшісі Иманбекова Б.Т.).
Кафедра әкімшілігі жас ғалымдарға зор табыс тілейді.
Басқа жаңалықтар

