Қонақжайлық индустриясындағы заманауи трендтерFarabi University

51

Қонақжайлық индустриясындағы заманауи трендтер

5 сәуір, 2025

Рекреациялық география және туризм кафедрасында 3 сәуір күні «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы аясында «Қонақжайлық индустриясындағы заманауи трендтер» секциясы өз жұмысын атқарды. Секцияға жас ғалымдардан өзекті және қызықты тақырыпта тезистер келіп түсті. Сонымен бірге шара жас ғалымдардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, жаңа идеялар мен серіктестердің қалыптасуына ықпал етті.

Кафедра оқытушыларынан құралған конкурстық комиссия студенттердің шығуларын тыңдап болған соң жеңімпаздарды анықтады:

1 орын – Кәрім Аружан (ғылыми жетекшісі Нұрұлы Е.);

2 орын – Ералы Анель (ғылыми жетекшісі Алиева Ж.Н.); Сембаева Айсұлу (ғылыми жетекшісі Нұрұлы Е.);

3 орын – Асқарова Мунира (ғылыми жетекшісі Сапиева А.Ж.); Несипбаев К. (ғылыми жетекшісі Богомазова И.В.); Латиф Нұрай (ғылыми жетекшісі Кошкимбаева У.Т.).

Кафедра әкімшілігі жас ғалымдарға зор табыс тілейді.