ХІV пікірталас алаңы: профессор Ә.Сембаевтың мұрасындағы педагогикалық идеялар және ұлттық құндылықтар. Farabi University

51

ХІV пікірталас алаңы: профессор Ә.Сембаевтың мұрасындағы педагогикалық идеялар және ұлттық құндылықтар. 

4 сәуір, 2025

04.04.2025 ж. Фараби форумы аясында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында «Профессор Ә.Сембаевтың мұрасындағы педагогикалық идеялар және ұлттық құндылықтар» тақырыбында пікірталас алаңы өтті. Модератор PhD А.Д.Шакирова профессор Ә.Сембаевтың педагогикалық мұралары туралы тоқталып кетіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Пікірталас алаңында п.ғ.к., аға оқытушы Байдалиев Дархан Даулетжанұлының «Профессор Сембаев Әбдіхамит Ібнеұлының тарихи тұлғасы», п.ғ.к., аға оқытушы Нургалиева Долорес Абильдаевнаның  «Ғалым Ә.Сембаевтың педагогикалық идеялары», п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлының «Профессор Ә.Сембаевтың педагогикалық мұралары» атты баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі басқа да мәселелер қозғалды. №45 орта мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Жақсылық Көркем Думанқызының «Оқушылардың бойында экологиялық тәрбиені қалыптастырудағы экотыңайтқыштардың орны», педагогика және психология білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты Сью Сидің «The impact of project thinking in the professional development of teachers» және магистрант Дархан Әсел  Серғалиқызының «Психикалық дамуы тежелген  балалардың мазасыздығын ойын терапиясы арқылы тұрақтандырудың маңызы» тақырыбындағы баяндамалары талқыланды. Үш тілде өткен секция терең мәселелерді қозғап, пікірталас алаңы белсенді өтті.