«Фараби әлемі - 2025» «Әкімшілік-құқықтық» секциясы

2025 жылғы 4 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде дәстүрлі «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы жоғары деңгейде өтті. Конференция аясында «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен &ܴ;Әкімшілік-құқықтық&ܴ; секциясының жұмысы өткізілді. Секцияға 1–4 курс аралығындағы студенттер қатысып, өзекті әкімшілік-құқықтық мәселелер бойынша ғылыми баяндамалар жасап, құқық саласындағы білімдерін теориялық және практикалық тұрғыдан көрсете білді. Секция жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің ғылыми-ізденіс бағытындағы қабілеттерін дамытуға бағытталды.
&ܴ;Әкімшілік-құқықтық&ܴ; секция жұмысына жетекшілік еткен «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедра меңгерушісі – заң ғылымдарының кандидаты, доцент Усеинова Карлыгаш Рахимжановна.
Секция қорытындысы бойынша төмендегі студенттер жүлделі орындарға ие болды:
І орын: Азаматқызы Жұлдыз – Заң факультетінің 1 курс студенті
ІІ орын: Бәзіл Мейрамбек – 1 курс студенті
Қонақбаева Клара – 4 курс студенті
ІІІ орын: Марғұлан Алина – 1 курс студенті
Саудағазиева Айшахан – 1 курс студенті
Толғанбай Рахман – 1 курс студенті
Секцияны бағалаушы қазылар алқасының құрамы:
Кегембаева Ж.А. – заң ғылымдарының кандидаты, профессор
Культемирова Л.Т. – заң ғылымдарының кандидаты, доцент
Калишева Н.Х. – заң ғылымдарының кандидаты, доцент
Исабеков А.К. – заң ғылымдарының кандидаты, доцент
Базартаева Е.Б. – заң ғылымдарының магистрі, оқытушы (секция хатшысы)
Конференция қорытындысында жүлдегерлер мен белсенді қатысушыларға дипломдар, алғыс хаттармен марапатталды. Осындай ғылыми іс-шаралар студенттердің кәсіби және ғылыми әлеуетін арттырып, құқық ғылымының дамуына өз үлесін қосуға мол мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

