XV пікірталас алаңы: психология және адам: заманауи тәсілдер мен жаңа бағыттарFarabi University

51

XV пікірталас алаңы: психология және адам: заманауи тәсілдер мен жаңа бағыттар

2 сәуір, 2025

02.04.2025ж. Фараби форумы аясында жалпы және қолданбалы психология кафедрасында «Психология ғылымының болашағы: жас зерттеушілер үні» - атты тақырыпта ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Модератор пс.ғ.к. Ж.С. Сейтнұр психология ғылымының бүгінгі жетістіктері туралы айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. ылыми-әдістемелік семинар тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырады: ТДМ 3 «Денсаулық және әл-ауқат», ТДМ 4 «Сапалы білім».

Айжан Кудайбергенова  «Ауыр қылмыс жасаған адамдардың қысқа мерзімді аффективтік жағдайын сот-психологиялық сараптамалау», Карлыгаш Сайлинова  «Ойлау іс-әрекеті процесінде студенттердің әлеуметтік интеллектісін дамыту», Жумакул Молбасынова «Оқушылардың сыни ойлауының эмоциялық интеллектінің дамуына психологиялық әсері», Ляззат Лимашева «Студенттердегі резиленттілік пен созылмалы стреске смартфонды қолдануда туындайтын психологиялық тәуелділіктің әсері»,Аян Купеев «Особенности копинг-поведения и резильентности у лиц болеющих гемофилией», Ғабдрахман Әділет Сағынбекұлы «Diagnostics and prevention of emotional burnout of teachers using artificial intelligence» атты тақырыптарда диссертациялық ғылыми-зерттеулері бойынша баяндамалар жасады. Зерттеу жұмыстары барысында жасалған эксперимент алаңдарындағы жүргізілген әдістемелермен бөлісті. Модератор мен қатысушы ғалымдар тарапынан жас ғалымдарға жасалған ұсыныстар зерттеудің мәселелерін шешуге мүмкіндіктер берді.