Әл-Фараби ілімі жастар назарындаFarabi University

51

Әл-Фараби ілімі жастар назарында

4 сәуір, 2025

 

Бүгін студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» халықаралық ғылыми конференциясының  «Əл-Фараби ілімі: қолданысы мен болашағы» атты секция  жұмысына студенттер, магистранттар және мектеп мұғалімдері, кафедраның ғалымдары  қатысты. Жалпы 60-тан астам мақала келіп түсті, оның 42-і секция жұмысында қабылданды. Қатысушылар Ресей, Қытай және еліміздің Астана, Орал, Талдықорған және Алматы қалаларындағы ЖОО студенттері, магистранттары мен докторанттары болды. Секция мәжілісін кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Н.С.Алгожаева ашып, бүгінгі таңда ғылым мен Екінші ұстаз атанған Əл-Фараби ілімінің маңызы туралы айтып, жас ғалымдарға сәттілік тіледі. Баяндамалар мазмұнында әлеуметтік желі арқылы жастарға әл-Фарабидің ізгілік тәрбиесін және нақыл сөздерін насихаттау, ұлттық құндылықтар және заманауи педагогиканың проблемалары, цифрлық білім беру мен тәрбие туралы өзекті мәселелер талқыланды.

 

 Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты Абай Дүйсенбаев