Зекет және Қажылық пәнінен ашық дәріс өтті
.jpeg)
2025 жылдың 3 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Философия және саясаттану факультетінде «Қажылық ханафи мазхабында» тақырыбында ашық дәріс өтті. Іс-шара «Зекет және қажылық» пәні аясында ұйымдастырылып, студенттер мен оқытушылардың қызығушылығын тудырды.
Шара барысында қатысушылар қажылықтың маңыздылығы, оның рухани және әлеуметтік рөлі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, студенттер қажылық рәсімдерін орындауда кездесетін мәселелер мен олардың шешім жолдары жөнінде сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған мәселелерге жауап алды.
Аталған шара болашақ исламтанушылар мен теологтар үшін аса маңызды білім алмасу алаңы болды. Мұндай дәрістер діни ілімнің тереңдеуіне ықпал етіп, студенттердің қажылықтың теориялық және практикалық аспектілерін жан-жақты меңгеруіне мүмкіндік береді
Дәрісті ұйымдастырушы – исламтану мамандығының 1-курс магистранты Жубанов Б., ғылыми жетекшісі М.Р. Балтымова, практика жетекшісі ретінде Мәжен Е. және Жузей М.
Басқа жаңалықтар

